ҚАРЛАГ (ДОЛИНКА КЕНТІ)

ҚАРЛАГ (ДОЛИНКА КЕНТІ)

Қарағанды облысы Долинка кентінде орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына естелік мұражайы Қазақстан аумағындағы ең әйгілі түзеу-еңбек лагері Қарлаг аумағында құрылған. Қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды. Оларға ресми түрде рұқсат етілген азаптау тәсілдерін қолданып, «қылмыстарын» мойындатпақ болды. Бүкіл елдің алдында оларды «халық жауы» деп қаралап, балаларын ата-анасынан, әйелдерін жұбайларынан айыруға әрекеттер жасалды. Сталиндік қатал тәртіптің ұйымдастырып, жүзеге асырған, жазықсыз жандарды қырып-жойған саяси зорлық-зомбылығының шырқау шыңы деп 1937-1938 жылдарды атауға болады.

1997 жылғы 5 сәуірде «31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау күні деп жариялау» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –448-450-бб.