ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Қарағанды облысы Теміртау қаласында 2011 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен ашылды. Орталық рухани қалыптасуға, қазақстандықтарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге, сонымен қатар ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениетке қол жеткізуге бағытталған.

Орталықтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен Елбасының өмірі мен қызметін баяндайтын алты экспозициялық залы бар. Бірінші зал «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталады Залдағы экспонаттар еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарының тарихынан сыр шертеді.

Екінші зал «Өз заманының перзенті» деп аталады. Залда болашақ Елбасының жастық шағы, ата-анасы, туған жері, мектептегі кездері және Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищеде білім алған кезеңдеріне байланысты фотосуреттер мен құжаттар орын алған.

«Тұлғаның ерен қабілеті» атты үшінші залда Н. Назарбаевтың Қарағанды металлургия комбинатындағы еңбек жолының басталуы, студенттік жылдары, болашақ Президенттің отбасын құруына байланысты жәдігерлер бар.

Төртінші зал «Қазақстанның құрыш келбеті» деп аталады. Мұнда жаңа инновациялық технологияны пайдаланып жасалған металлургия өндірісінің толық кешені көрсетілген. «Уақыт ағымында» атты бесінші зал Н.Ә. Назарбаевтың саяси еңбек жолының басталуы, оның Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысынан бастап, Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайлану тарихы туралы құнды мәліметтер орын алған.

Алтыншы зал «Қазақстан жолы» деп аталады. Мұнда Қазақстан тәуелсіздік алған күннен қазіргі дәуірге дейінгі уақытта Елбасының басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан жасампаз істер, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда болған елеулі қоғамдық-саяси оқиғалар және экономикалық жетістіктер туралы экспонаттар орын алған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –426-429-бб.