ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ

ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратаудың күнегей бетінде Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.Домалақ ана кесенесі  бастапқыда  жылы күмбездері бар қабырғалық мазар түрінде салынған.  Кесене бірнеше рет қайтадан салынып, қазіргі уақытқа оның бастапқыдағы кейпі жетпеген. Кесенеге 1996 жылы сәулетші С.Тоқтамыстың жобасы бойынша күрделі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

КесенеДомалақ ананың (шын есімі Нұрила) бейітінің басына тұрғызылған. Домалақ (Нұрила) ана Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. 1378 жылы Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген.

Аңыз бойынша, Домалақ ана кесенесінде екі киелі тас бар, оның арасынан тек тақуа адам өте алады. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиарат ететін орнына айналған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –193-196 бб.