Баба түкті шашты әзіз кесенесі

Баба түкті шашты әзіз кесенесі

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан.

Баба түкті Шашты Әзіз – қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін, фольклорлық әрі мифологиялық бейне, әрі асқан батыр, әуелде сахарадаКөк Тәңіріге сенген бақсылар аруақ ретінде әрі піртұтып сиынған, кейіннен мұсылмандар арасындаәулие саналған.

Әулиенің зиратына салынған кесене күйдірілген кірпіштен қаланған. Кесене порталды –күмбезді, бір камералы құрылыс. Төртқырлық жұмыр мойындыққа орнатылған еңселі күмбезбен көмкерілген. Қасбеті тегіс, әшекейі жоқ, тайыз әрі сүйірқуыс жасалған, ортасында кіреберісі бар, қос босағасында шағын бедерлі мұнара орналасқан.Ішкі құрылымында шаршы үйдің өзегі бойыншасүйір аркалар салынған, күмбез осы доға түріндегі жабынға тіреледі. Кесене ортасына кірпіштенқаланған құлпытас орнатылған.Кейбір аңыздарда Едіге батыр Баба түктіШашты Әзіздің ұлы деп айтылады. Баба түкті ШаштыӘзіз пері қызға үйленеді. Шартын бұзғандықтан,пері қыз: «Ішімде алты айлық балаң бар. Онымен Құмкент деген жерге тастап кетемін, іздептауып ал!» деп аспанға ұшып кетеді. Баба түктіШашты Әзіз пері айтқан жерге келіп, құндақтаулы сәбиді тауып алады да, «Едіге» есімін береді.«Едіге батыр» жырында Баба түкті Шашты Әзізбатырдың әкесі ретінде бейнеленеді.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –177-179 бб.