«Қорқыт ата» мемориалды кешені
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
ЕскерткішҚызылорда облысы

«Қорқыт ата» мемориалды кешені

Қорқыт ата – Сыр өңірінің киелі адамдарының бірі. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – «Қорқыт Ата кітабы» («Китаби дәдәм Корқуд»).

45°37′ с.е. · 63°58′ ш.б.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 шақырым жерде, Қорқыт станциясының түбінде. Қорқыт ата жерленген жерден бір шақырым жерде орналасқан.«Қорқыт ата» мемориалды кешені бірнеше архитектуралық құрылыстан тұрады: «әнсалатын түтіктер» – төрт жаққа қарап тұрған төрт қобыздың бейнесі, жел соққанда түтіктерден қобыздың дауысы шығады; «тілек пирамидасы», амфитеатр, грифон мен қошқардың жинақталған образын құрайтын қошқартас, мұражай.

Кешен – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаға арналған. Қорқыт ата – Сыр өңірінің киелі адамдарының бірі. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – «Қорқыт Ата кітабы» («Китаби дәдәм Корқуд»). Оғыз текті түрікпен, әзірбайжан халықтарына да ортақ мұраны қыпшақ бұтағы да өзінікі санайды. Қазақ халқы Қорқытты күй атасы деп таниды. Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрсетіледі. Қорқыт ата – оғыз-қыпшақтайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкелданасы. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дәйім жұрттың көш-қоңын, мекен тұрағын, ен-таңбасын, ұран-ұжымын белгілеп отыратын білгір. Қорқыт – сыбызғы иесі, қобыздың атасы. Ол «Өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі» деген даналығын қалдырған.

Сілтеме: 1.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –166-169-бб.

2.Қасиетті Қазақстан.