Төлегетай-Қылышты ата кешені
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
Киелі орынҚызылорда облысы

Төлегетай-Қылышты ата кешені

Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген – Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясының бас министрі болған – Мұхаметжан Тынышбаев. Ол кісі: «Төлегетай Сүйінішұлы шамамен XV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан - Сүйініш, одан – Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің ұамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған», – дейді.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Төлегетай Баба – Күшілік ханның ұрпағы, ХІІІ???ғ. басында өмір сүрген деген болжам бар.

Наймандарды жер-жерлерге бөлген кезде Төлегетай Өзгент-Түркістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бірінің атағын сырттай білетін Төлегетай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтып өтеді. Төлегетайбаба өз заманында қол бастаған батыр, елдіңқамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған.Қазақ даласында жеке ұлыс болып қалыптасқаннаймандарды Төлегетай батыр билеген.

Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген – Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясының бас министрі болған – Мұхаметжан Тынышбаев. Ол кісі: «Төлегетай Сүйінішұлы шамамен XV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан - Сүйініш, одан – Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің ұамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған», – дейді.

Халық арасына тараған аңызға сүйенсек, Қылышты ата ерекше қасиетке ие әулие адам болған деседі.Қылышты атаның әкесі Камаладдин Меккеден келіп Қырөзгент шаһарының патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Ілгімағзұмның қызына үйленеді. Содан көп кешікпей Меккеге қайтып келеді. Қылышты аташеше ішінде қалып, өскенде аспаннан қылыш пен ақбоз ат түсіп, 1001 бәлеге қарсы тұрған. Уәзірлері мен билері алдына келгенде қылышы күн сәулесіне шағылысып, қылыштың жүзіне қонған шыбын екіге бөлініп түсе беретін болыпты. Онысы «Кімде-кім адал болмаса осындай жаза алады» дегені екен. Міне, осыдан бастап Қылышты ата атаныпты. Қылышты ата туралы «Бабырнама», Камилқан Қаттаевтың «Махдуми Ағзам және Дағбед», Ақсақ Темірдің өмірі туралы Шарафиддин Али Аздидің «Зафарнама» кітаптарында жазылған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –203-205- бб.