Алматы облысы Жаркент қаласының орталығында орналасқан кешен – ХІХ ғасырдың соңында салынған сан алуан нақыштармен безендірілген, қайқы шатырлы, мұнаралы, порталды сәулет ескерткіші.
Мешіт кешенінде портал (бас қақпа) мешіт қызметшілеріне арналған күмбез төбелі үй, медресе үйі бар. Құрылыстың бас мердігері – екінші гилді көпес Уәли ахун Юлдашов, бас сәулетшісі жергілікті халық Мұқан деп атаған Қытай шебері Хон Пик (Хон Фи) болды. Кешен жергілікті дәулетті байлардың қаражатымен салынған.Мешіт құрылысының жұмысына әртүрлі ұлт өкілдеріқатысқан. Ешқандай шегенің көмегінсіз салынған.Ғажайып сырлы ғимараттың қабырғаларында, шатыр қапталдарында 1500-ден астам алуан түрлі сурет, арап-парсы тілдеріндегі көне жазу үлгілері бар. Бас мешіттің төріндегі дінбасы отыратын мінбер сәкінің босаға тұсындағы қабырғаға үнді халықтарының үлгісімен аңыздарға арқау болған зәйтүн – «өмір ағашы» кескінделген.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:
Фолиант, 2017. –281-282- бб.
Қасиетті Қазақстан. https://www.youtube.com/watch?v=y_1yxcRJOLY