Шірік-Рабат қалашығы
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
Тарихи орынҚызылорда облысы

Шірік-Рабат қалашығы

Шірік-Рабат қала жұрты Қазақстандағы ежелгі сақ қоғамынан сақталған аса көрнекті, тарихи құндылығы зор ескерткіш болып табылады. Қаланың географиялық орналасу ерекшелігіне қарай стратегиялық маңызы зор болған. Ол оңтүстік-батысында Парсы елі, терістігінде Ресей мен оңтүстік-шығысында Қытайды жалғастырған Жібек Жолы бойында орналасқан.

44°05′ с.е. · 62°55′ ш.б.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 100 шақырымдай жерде, Жаңадарияның ескі арнасының сол жағалауында орналасқан.Қаланың өмір сүру уақыты шамамен б.д.д. IV-IІ ғғ. және б.д. Х-ХІІ ғғ.

Шірік-Рабат қала жұрты Қазақстандағы ежелгі сақ қоғамынан сақталған аса көрнекті, тарихи құндылығы зор ескерткіш болып табылады. Қаланың географиялық орналасу ерекшелігіне қарай стратегиялық маңызы зор болған. Ол оңтүстік-батысында Парсы елі, терістігінде Ресей мен оңтүстік-шығысында Қытайды жалғастырған Жібек Жолы бойында орналасқан.Әмудария мен Сырдарияны жағалай ортағасырлық жүздеген көне қалалары болған. Қос өзен арасындағы алқаптарды мекендейтін халықтар қолдан суғару арқылы егін еккен, қалалар мен бекіністер пайда болған. Қала ХVІІІ-ХІХ ғасырларда патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты кезінде Хиуа хандығы мен қазақтардың шекарасындағы тірек бекеті болғаны белгілі.

1946 жылы С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Шірік-Рабат қаласын тауып, 1948-49,1958-59 жж.зерттеген.С.П.Толстов Шірік-Рабат қаласын ХІІ ғасырдағы «Инша» құжаттар жинағында көрсетілген Хорезм-Женд жолының бойында, Жендтен 20 фарсах (120 км) жерде орын тепкен Сагдере мекенімен байланыстырады. Шірік-Рабат сөзінің этимологиясына назар аударар болсақ, бірінші «Рабат» сөзіне түсініктеме берген жөн. Шірік-Рабат қаласындағы қамалдың батыс және оңтүстік батыс жағы ел қалың қоныстанған тұрғын жайлар орны болған. Бұған сол жерде шашылып жатқан керамикалық ыдыстар сынығы мен әртүрлі бұйымдардың қалдықтары, от жағылған орындардың күлдері дәлел.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант, 2017. –104-106 бб.