Айтыс

Айтыс

2015 жылдың желтоқсанында UNESCO айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. Мұндай шешім Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің Намибияда өткен оныншы сессиясында қабылданды.

Айтыс ерекше суырып-салма өнері ретінде Қазақстан мен Қырғызстан атынан тізімге енгізілді. Бұл суырып-салма ақындық өнері бар екі адамның арасында болатын жарыс, өлең оқылады немесе қазақтың домбырасы сынды ұлттық музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен шырқалады. Тақырыпты тыңдармандар таңдайды, ал музыкалық өнерін, ырғақты сезінуін, ерекшелігі мен ұшқыр ойын жеткізе білген қатысушы жеңіске жетеді.

Айтыс - жалпы мәдениеттің құрамдасы және Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты қоғамының теңдігінің белгісі. Жарыс жергілікті немесе жалпы ұлттық мереке кездерінде ұйымдастырылады, тақырыптарында көбінесе әлеуметтік маңызды мәселелер қозғалады. Алдыңғы буын бұл дәстүрді жастарға қалдырады", - делінген UNESCO ақпаратында.