Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Бұл кесене - UNESCO-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген Қазақстандағы тұңғыш нысан. Кесене Париж қаласында 2003 жылы 23 маусымда өткен UNESCO-ның 27-сессиясында дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енген.

Кесене - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды, Қазір бұл жәдігер орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына орнатылған.